$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Қазақстанның самбо федерациясын Қорғаныс министрі басқаратын болды

Редакция
24 желтоқсан 2024 07:47 3834
Қазақстанның самбо федерациясын Қорғаныс министрі басқаратын болды Сурет авторы: gov.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының жаңа басшысы болып сайланды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Федерацияның кезектен тыс отырысы Астана қаласында өтті. Федерация мүшелері министрдің кандидатурасын бірауыздан қолдады. Руслан Жақсылықов – дзюдодан КСРО спорт шебері, самбо және дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы.

Жаңа басшының айтуынша, спорттық және жауынгерлік самбо Қазақстанның әскери қызметкерлері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дайындығына енгізілмек. 2025 жылы самбо ТМД әскери-спорттық ойындары мен Қазақстан Қарулы Күштерінің спартакиадасы бағдарламасына қосылады.

«Әскери-патриоттық тәрбиені дамыту мақсатында бірқатар іс-шара жоспарланып отыр. Қорғаныс министрінің кубогына ашық республикалық самбо турнирі өтеді. Сондай-ақ Алматыдағы Момышұлы атындағы Әскери-спорттық колледжде самбо бөлімшесін ашу жоспарланған. Мұнда көпбалалы отбасылардың балаларына, әскери қызметшілердің балалары мен ауыл жастарына басымдық беріледі», – деді Жақсылықов.

Бүгінде елде 1100-ден астам самбо секциясында 40 мыңнан астам адам жаттығады.

Соңғы жаңалықтар