$ 498.65 € 589.06 ₽ 6.49

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды

Дулат Абдраманов
06 қазан 2025, 08:59
Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды Сурет авторы: Depositphotos.com Данный текст скопирован с сайта Informburo.kz https://informburo.kz/novosti/zemletriasenie-oshhutili-na-vostoke-kazaxstana

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығының» мәліметінше, жер сілкінісінің сезілу күші 4 баллға дейін жеткен.

Жер асты дүмпулері Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым қашықтықта тіркелді.

Дүмпулерді Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары сезінді:
 Тараз, Сарыкемер және Жуалы ауданының (Бауыржан Момышұлы ауылы) тұрғындары – 4 балл шамасында
 Ленгер, Қаратау, Сайрам және Шымкент қаласында – шамамен 3 балл
 Жаңатас, Сарыағаш, Түркістан және Жетісай қалаларында – шамамен 2 балл

Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

ҚР ТЖМ-нің Командалық орталығы, сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының ТЖ департаменттері базасында жедел штаб құрылды.

Соңғы жаңалықтар