$ 474.63 € 544.5 ₽ 5.92

Қазақстанның қай өңірлерінде жүргізушілер куәлігінен жиі айырылады?

Абдрахманов Мағжан
30 шілде 2026, 15:15
Қазақстанның қай өңірлерінде жүргізушілер куәлігінен жиі айырылады? Сурет авторы: kolesa.kz

Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы алты айында жүргізуші куәлігінен айыру туралы 5 336 талап-арыз бірінші сатыдағы соттарға түсті. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 3,7 есе көп әрі кейінгі кемінде он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро хабарлады.

Сарапшылардың мәліметінше, мұндай істерді қозғауға құқығы бар ішкі істер органдарының белсенділігі үшінші жыл қатарынан артып отыр. Талап-арыздардың көбеюі жүргізушілерді даярлау сапасы мен авто­мектептердің жұмысын бақылауды күшейту туралы қоғамдық талқылаулармен қатар жүрген.

Жүргізуші куәлігінен айыру туралы талаптар ең көп Алматы қаласы мен Ақтөбе облысында тіркелген. Екі өңірдің әрқайсысында соттарға 757 талап-арыз түскен.

Одан кейін Қарағанды облысы – 535, Павлодар облысы – 450, Түркістан облысы – 435, Абай облысы – 363 және Алматы облысы – 311 талап-арызбен тұр. Ең төмен көрсеткіш Астанада тіркелген: елорда соттарына 13 талап-арыз түскен. Бұл жалпы санның 0,2 пайызына тең.

Барлығы 5 161 іс бойынша азаматтық іс жүргізу басталған. Оның 4 251-і қаралып, 207 талап-арыз қанағаттандырылмаған.

Соңғы жаңалықтар