$ 455.4 € 526.99 ₽ 5.25

Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі ауысты

Абдрахманов Мағжан
03 қыркүйек 2026, 12:43
Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі ауысты Сурет авторы: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әлібек Қуантыров Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

Бұған дейін оның кандидатурасын Құрылтайдың Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті мақұлдаған. Осы қызметті бұған дейін Ерлан Нысанбаев атқарған.

42 жастағы Әлібек Қуантыров Атырауда дүниеге келген. Томск мемлекеттік университетін «қаржы және несие», «лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасымен Мичиган университетінде білім алып, қолданбалы экономика магистрі дәрежесін алған.

Әр жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау, Экономикалық даму және сауда, Қаржы министрліктерінде жұмыс істеген. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болған.

Сондай-ақ Президент әкімшілігінде, Тұңғыш Президент кеңсесінде қызмет атқарған. Ұлттық экономика вице-министрі және Ұлттық экономика министрі болған, кейін KAZENERGY қауымдастығының бас директоры қызметін атқарды.

2024 жылғы шілдеден бері Сыртқы істер министрінің орынбасары болған.

Соңғы жаңалықтар