$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстанның боксшы қыздары Бакуде 9 медаль жеңіп алды

Редакция
16 сәуір 2025 01:18 1518
Қазақстанның боксшы қыздары Бакуде 9 медаль жеңіп алды Сурет авторы: ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасы Бакуде (Әзербайжан) өткен “Жібек жолы” халықаралық турнирінде 9 жүлде жеңіп алды, деп хабарлады  Ұлттық Олимпиада комитеті.

Алтын жүлдеге Элина Базарова (54 кг дейін) мен Виктория Байдукова (57 кг дейін) ие болды.

Күміс медальды Анжа Сәдуақасова (52 кг дейін) еншіледі.

Қола жүлдені келесі спортшылар жеңіп алды:

  • Гүлназ Бөрібаева (48 кг дейін),
  • Элянур Тұрғанова (50 кг дейін),
  • Томирис Мырзақұл (52 кг дейін),
  • Сымбат Әлиасқар (54 кг дейін),
  • Әзиза Исина (70 кг дейін),
  • Дина Исламбекова (81 кг-нан жоғары).

 

Соңғы жаңалықтар