$ 502.57 € 591.68 ₽ 6.42

Қазақстанның 45%-ы қауіп астында ма? Сейсмикалық картадағы жасырын шындық ашылды

Редакция
26 желтоқсан 2025, 11:09
Қазақстанның 45%-ы қауіп астында ма? Сейсмикалық картадағы жасырын шындық ашылды Сурет авторы: Сити

Алматының сейсмикалық қауіпті аймақтарында үйлердің орнына саябақтар салынады.Бұл туралы Сенат отырысында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлімдеді. Мұндай тәсіл жаңа Құрылыс кодексіне енгізіліп жатыр.

Оның айтуынша, бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын (ЕЖЖ) әзірлеу кезінде сейсмикалық микроаудандастыру карталары міндетті түрде ескеріледі. Егер белгілі бір учаскеде жер қыртысының жарылымдары немесе жоғары сейсмикалық қауіп анықталса, онда тұрғын үй салуға тыйым салынады. Мұндай аумақтарды саябақтар мен рекреациялық аймақтарға (демалыс орындарына) айналдыру жоспарлануда.

Қазіргі таңда Қазақстан аумағының шамамен 45%-ы сейсмикалық қауіпті аймақтарға жатады. Әзірге толыққанды микроаудандастыру карталары тек Алматы қаласында ғана бар. Ал басқа қалалар үшін бұл жүйеге көшудің 2030 жылға дейінгі өтпелі кезеңі қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар