$ 482.53 € 555.44 ₽ 5.92

Қазақстанның 120 ауылына «ғарыштық» жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілді

Редакция
27 наурыз 2026, 19:15
Қазақстанның 120 ауылына «ғарыштық» жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілді Сурет авторы: Gov.kz

Қазақстанның шалғай елді мекендері үшін жаңа дәуір басталды. "Digital Kazakhstan" халықаралық форумы аясында еліміздің ең қиын аймақтарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтитын бірегей FWA (Fixed Wireless Access) жобасы ресми түрде таныстырылды. Енді ауыл тұрғындары қалалықтармен тең дәрежеде сапалы байланысты пайдалана алады.

«Ауыл Телеком» ЖШС жүзеге асырып жатқан бұл ауқымды бастама қазірдің өзінде 120 ауылды қамтып, 67 мыңнан астам шаңыраққа жарық жылдамдығындай интернет сыйлады. Интернеттің орташа жылдамдығы 50–80 Мбит/с құрайды, бұл ауыл тұрғындары үшін бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.


Символикалық іске қосу сәтінде министр Жаслан Мәдиев 10 ауылдың тұрғындарымен тікелей бейнебайланысқа шығып, желінің мінсіз жұмысына көз жеткізді. Есбол ауылының мұғалімі Абутайр Алихан бұл жаңалықтың білім беру саласына төңкеріс әкелгенін, енді оқушылардың әлемдік ресурстарға шектеусіз қол жеткізе алатынын жеткізді.

Жоба мұнымен тоқтап қалмайды: Телекоммуникациялар комитеті мен «Ауыл Телеком» арасындағы жаңа меморандум Қазақстанның әрбір нүктесінде цифрлық өркениеттің орнауын жеделдетпек.

Соңғы жаңалықтар