Қазақстанның 11 әуежайы тергеуде: бағаны негізсіз көтерген
Сурет авторы: ашық дереккөзден
Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүргізген талдау нәтижесінде елдегі бірқатар әуежай халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалдаушы әуе компанияларына авиаотынды қымбатқа сатып келгені анықталды. Агенттіктің мәліметінше, отандық әуе компаниялары керосинді жер қойнауын пайдаланушылардан мемлекеттік жеткізу кестесі бойынша тікелей алса, шетелдік тасымалдаушылар жанармайды көтерме және бөлшек делдалдар арқылы сатып алуға мәжбүр. Бұл жағдай олардың шығынын айтарлықтай арттырған.
Агенттіктің дерегінше, әуежайлар жанармайды сақтауға және сатуға арналған инфрақұрылымға тәуелсіз жеткізушілерді кіргізбей келген. Салдарынан отынды өздері немесе аффилиирленген компаниялар арқылы сататын әуежайларда шетелдік әуе компаниялары үшін баға 60 пайызға дейін өскен. Қазақстандағы авиаотын құны көршілес елдермен салыстырғанда 5–30 пайызға жоғары. Мұның салдарынан соңғы бес жылда жүк әуе тасымалы көлемі 36 пайызға, халықаралық қатынастар саны 58 пайызға қысқарған.
Мәселе 2017 жылдан кейін ушықты. Сол жылы табиғи монополия субъектілеріне өзге, реттелмейтін қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат берілген болатын. Осыдан кейін әуежайлардың кірісінің 80 пайызына дейінгі бөлігі авиаотын сатудан түсе бастады. Алайда, бұл қаражаттың мақсатты жұмсалуы мемлекет тарапынан бақылауға алынбады.
Президенттің «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» Жарлығын іске асыру аясында агенттік авиаотынды сақтау қызметіне қол жеткізудің жаңа ережелерін әзірледі. Ол барлық жеткізушілерге әуежайларда жанармай сақтауға міндетті түрде қолжетімділікті қамтамасыз етуді қарастырады және әуежайлардың одан бас тартуға құқығы болмайды. Ал инвестициялық жобаларды аяқтау үшін әуежайлардың уақытша отын сатуды жалғастыруына рұқсат беріледі, бірақ түсетін кіріс қатаң бақылауға алынады.
Сонымен қатар агенттік авиаинфрақұрылымды дамыту, кейбір қызмет түрлері бойынша тарифтерді көтеру, әуе отынын импорттауға қойылған шектеулерді алу сияқты қосымша шараларды ұсынды.
Қазіргі таңда 11 әуежайға қатысты монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Олардың қатарында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ, «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ, «Сары-Арқа әуежайы» АҚ, «Шымкент әуежайы» АҚ, «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» АҚ, «Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ, «Өскемен халықаралық әуежайы» АҚ, «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ, «Орал халықаралық әуежайы» АҚ, «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС және «Жезқазған-эйр» әуекомпаниясы бар. Бұдан бөлек, әуе отынының қайталама көтерме нарығындағы жеткізушілер де тексеріліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
22 минут бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
30 минут бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
46 минут бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
6 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын