$ 542.29 € 629.54 ₽ 6.77

Қазақстанға неміс кәсіпкерлері $6,3 млрд инвестиция құяды

Редакция
17 қыркүйек 2024 03:32 3975
Қазақстанға неміс кәсіпкерлері $6,3 млрд инвестиция құяды Сурет авторы: Фото: Ақорда

Астанада өткен Қазақстан-Германия бизнес форумында 35 құжатқа қол қойылып,  $6,3 млрд доллар инвестиция тартылатын болды. 

Формуға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Федаративтік Республикасының канцлері Олаф Шольц қатысып, келісімдер мен бірлескен бастамалар екі елдің ұзақмерзімді стратегиялық серіктестікті нығайта түсетініне сенім білдірді.

Келісім нәтижесінде елімізде Литий өңдеу зауыты, Маңғыстауда жасыл сутегі кәсіпорны бой көтеріп, Қорғас бекетінде әуежай салынады. 

“Біздің орталық инвестиция тарту үшін салық, виза және еңбек саясаты жағынан бұрын-сонды болмаған қолайлы шарттар мен жеңілдіктер ұсынады. Әр инвесторға жеке қолдау көрсетіледі. Британия заңнамасына негізделген әділ сот жүйесі жұмыс істеп тұр. «Астана» халықаралық қаржы орталығында 80 елден 3 мыңға жуық компания тіркелген. Соның 20 компаниясы – германиялық. Олардың саны жуық арада тағы да өседі деп үміттенеміз”,- деді Тоқаев.



Соңғы жаңалықтар