$ 489.39 € 567.99 ₽ 6.19

Қазақстанға Ираннан қауіп бар ма? Елші пікір білдірді

Абдрахманов Мағжан
12 наурыз 2026, 15:12
Қазақстанға Ираннан қауіп бар ма? Елші пікір білдірді Сурет авторы: shutterstock

Қазақстандағы Иран елшісі Әли Әкбар Жоукар Иран тарапынан Қазақстанға ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол журналистермен әңгіме барысында айтты.

Дипломаттың сөзінше, Тегеран Қазақстанды және Орталық Азия елдерін ықтимал нысана ретінде қарастырмайды әрі олар үшін, соның ішінде зымырандық қауіп тұрғысынан да, ешқандай қатер төндірмейді.

Елшінің айтуынша, аймақ үшін теориялық қауіп тек Иранның өз ішінде тұрақсыздық пайда болған жағдайда ғана туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда Таяу Шығыстан террористік топтардың ену қаупі болуы ықтимал.

Алайда елдегі тұрақтылық сақталса, мұндай қауіп болмайтынын атап өтті дипломат.

Сондай-ақ Әли Әкбар Жоукар геосаяси тұрғыдан алғанда Орталық Азияда болашақта бәсеке пайда болуы мүмкін екенін айтты. Оның пікірінше, мұндай жағдай орын алса, ол Иранмен байланысты болмайды, керісінше ірі державалардың арасындағы бәсекемен байланысты болуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар