$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

Қазақстанға бокстан екінші алтын: Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды

Абдрахманов Мағжан
02 қазан 2026, 15:00
Қазақстанға бокстан екінші алтын: Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды Сурет авторы: olympic.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан Аичи–Нагоя Азия ойындарының чемпионы атанды. +90 келі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировты жеңді.

Осылайша Қазақстан құрамасы қазіргі Азия ойындарында бокстан екінші алтын медалін иеленді. Бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан чемпион атанған еді.

Айбек Оралбай финалға дейін Қырғызстан өкілі Мырзакир Кошалиевті, кейін Үндістан боксшысы Нарендерді жеңді. Жартылай финалда Нарендерді 5:0 есебімен ұтып, алтын үшін айқасқа жолдама алған. 

Айта кетейік, Оралбай мен Зокиров бұған дейін де әлем чемпионатының финалында кездескен. 2025 жылы Ливерпульдегі шешуші жекпе-жекте қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанған еді. 

26 жастағы Айбек Оралбай – 2025 жылғы әлем чемпионы және 2022, 2024, 2026 жылдардағы Азия чемпионы. Енді оның жүлделер қатарына Азия ойындарының алтыны қосылды.

Соңғы жаңалықтар