$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

Қазақстанға 12-алтын: Тамерлан Төлеулес Азия ойындарының чемпионы атанды

Абдрахманов Мағжан
02 қазан 2026, 16:03
Қазақстанға 12-алтын: Тамерлан Төлеулес Азия ойындарының чемпионы атанды Сурет авторы: Спорт министрлігі

Қазақстандық таеквондошы Тамерлан Төлеулес Жапонияда өтіп жатқан Аичи–Нагоя Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Филиппин өкілі Курт Барбосаны жеңді.

Бұл – Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы 12-алтын медалі.

Төлеулес жарысты ширек финалдан бастап, алдымен Кувейт өкілі Хамад Абдалланы жеңді. Жартылай финалда Сауд Арабиясының өкілі Фахад Ас-Сумайхпен кездесіп, финалға жолдама алды. 

Айта кетейік, Аичи–Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар