$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қазақстандықтарға тұрғын үй сертификаттары eGov арқылы беріле бастады

Редакция
24 қазан 2024 03:38 1149
Қазақстандықтарға тұрғын үй сертификаттары eGov арқылы беріле бастады

Тұрғын үй сертификаттары - бұл мемлекеттік бағдарлама шеңберінде алынған ипотекалық қарыз бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға арналған әлеуметтік көмек түрі. Сертификаттар мен алушылардың санаттарын жергілікті билік анықтайды. 

“eGov.kz платформасында тұрғын үй сертификаттарын беру қызметі пайда болды,”- деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.

Қызмет "жылжымайтын мүлік" бөлімінің "тұрғын үй қатынастары" бөлімінде орналасқан. Қызметті алуға өтінімге электрондық цифрлық қолтаңба қойылады, ал қызмет көрсету нәтижесі kezekte.kz сайтындағы жеке кабинетке келеді.

Соңғы жаңалықтар