$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігінен айырылуының жиілеу себебі неде?

Редакция
26 қараша 2024 01:19 3524
Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігінен айырылуының жиілеу себебі неде? Сурет авторы: Ашық дереккөз

Ішкі істер министрі Сәденов Президент Тоқаевқа елдегі криминогендік ахуал және апаттылықтың жоғары көрсеткіштері туралы есеп берді.

ІІМ басшысының баяндамасынан елімізде қылмыстық құқық бұзушылықтар саны айтарлықтай төмендегені, бірақ, керісінше, әкімшілік құқық бұзушылықтар көбейгені байқалады.

Бірақ жол апаттары азаймаған, жүргізушілер жол ережелерін жиі бұзуда. Министрдің айтуынша, биыл азаматтардың жүргізуші куәлігінен айрылуы 2023 жылмен салыстырғанда 32%-ға өскен. Бұның басты себептерінің бірі мас күйінде көлік тізгіндеушілер көбейген.

"Қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар (және кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар) санының азаюы байқалады", - деді Ержан Сәденов.


Соңғы жаңалықтар