$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қазақстандықтар жақында Вьетнамға визасыз бара алады

Редакция
06 мамыр 2024 11:45 3935
Қазақстандықтар жақында Вьетнамға визасыз бара алады

25 мамырдан бастап қазақстандықтар Вьетнамға визасыз бара алады. Ел азаматтары аталған елде визасыз 30 күнге дейін жүре алады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады. 

"2023 жылғы 21 тамызда Вьетнамның Ханой қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісім 25 мамырдан бастап күшіне енеді. Келісім екі елдің азаматтары – ұлттық төлқұжат иелері үшін визалық талаптарды алып тастауды қарастырады. Бұл ретте азаматтар елге келген күннен бастап 30 күнтізбелік күн, 6 айдың әр кезеңінде барлығы 90 күнтізбелік күн бола алады", – деп түсіндірді Айбек Смадияров. 

 

Соңғы жаңалықтар