$ 458.48 € 534.68 ₽ 5.43

Қазақстандықтар үйді аз сатып ала бастады, бірақ баспана бағасы өсіп жатыр

Абдрахманов Мағжан
26 тамыз 2026, 16:35
Қазақстандықтар үйді аз сатып ала бастады, бірақ баспана бағасы өсіп жатыр Сурет авторы: Shutterstock

Қазақстанда тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелерінің саны азайғанымен, баспана бағасы өсуін жалғастырып жатыр. Шілдеде ел бойынша 37,2 мың тұрғын үй мәмілесі тіркелген.

Мәміле саны былтырғы шілдемен салыстырғанда 6,5 пайыз, ал биылғы маусыммен салыстырғанда 4,9 пайыз азайған.

Соған қарамастан, тұрғын үй бағасы төмендемеген. Бір жыл ішінде жаңа үйлер 14,6 пайыз, қайталама нарықтағы баспана 9,5 пайыз қымбаттаған.

Жаңа баспана бағасы ең көп Астанада – 19,1 пайызға өсті. Одан кейін Алматы – 16,6 және Ақтөбе – 15,1 пайыз көрсеткішпен тұр.

Қайталама нарықта бағаның ең жоғары өсімі Көкшетауда тіркелді – 14,3 пайыз. Павлодарда баспана 12,4 пайызға, Қостанайда 12,2 пайызға қымбаттаған.

Halyk Finance сарапшыларының пікірінше, алдағы уақытта тұрғын үй нарығына салықтағы өзгерістер, зейнетақы жинақтарын баспанаға пайдалану талаптары, жаңа Құрылыс кодексі және ипотекалық бағдарламалардың шарттары ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар