$ 465.08 € 536.52 ₽ 5.56

Қазақстандықтар Telegram жұмысындағы ақауға жаппай шағымданып жатыр

Наурызбек Лесов
13 тамыз 2026, 12:20
Қазақстандықтар Telegram жұмысындағы ақауға жаппай шағымданып жатыр Сурет авторы: ИЗВЕСТИЯ/Павел Волков

Қазақстандық қолданушылар Telegram мессенджерінің жұмысындағы ақауларға жаппай шағымданып жатыр. Бұл туралы Detector404 қызметінің деректері көрсетіп отыр.

Алғашқы шағымдар бүгін, 13 тамызда шамамен сағат 11:25-те түсе бастаған. Қазір шағымдардың басым бөлігі Астана қаласынан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарынан келіп түскен.

Қолданушылар мобильді қосымшаның дұрыс жұмыс істемеуіне, хабарламалардың кешігуіне, медиафайлдардың жүктелмеуіне және хабарлама жіберудегі қиындықтарға шағымданған.

Шағымдардың 43,5 пайызы iOS қолданушыларына тиесілі. Android жүйесін пайдаланушылардың үлесі – 35,1 пайыз, Windows – 16,6 пайыз, Mac OS X – 3,8 пайыз. Қалған жүйелердің үлесі 1 пайызды құрайды.

Соңғы жаңалықтар