$ 491.59 € 572.16 ₽ 6.24

Қазақстандықтар IT және жасанды интеллект мамандықтарын тегін меңгере алады

Редакция
11 наурыз 2026, 09:45
Қазақстандықтар IT және жасанды интеллект мамандықтарын тегін меңгере алады Сурет авторы: BAQ.kz

Қазақстанда IT және жасанды интеллект (AI) саласы бойынша тегін онлайн-оқыту бағдарламаларына тіркелу басталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, курстарға қатысу үшін техникалық салада тәжірибенің болуы міндетті емес.

Бағдарлама екі негізгі бағытты қамтиды:

1. IT-Aiel: Барлық жастағы әйелдерге, соның ішінде жұмыссыздарға, декреттегі аналарға, көпбалалы аналарға және зейнет алдындағы әйелдерге арналған. Қазірдің өзінде 20 мыңнан астам қазақстандық әйел оқудан өтіп, оның 1500-ден астамы ЖИ саласында жұмыс істей бастады.

2. AqylTech: 18 бен 36 жас аралығындағы жастарға арналған. Бағдарлама еліміздің 17 аймағын, соның ішінде ауылдар мен моногородтарды қамтиды.

Қатысушылар не үйренеді?

• Заманауи IT және AI мамандықтары;

• Қаржылық сауаттылық және киберқауіпсіздік;

• Жасанды интеллект арқылы табыс табу;

• Онлайн-бизнесті іске қосу.

Соңғы жаңалықтар