Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады
Сурет авторы: gov.kz
Қазақстан Оңтүстік Кореяның Жұмысқа орналастыруға рұқсат беру жүйесіне (EPS) қатысушы елдердің қатарына ресми түрде енді. Қазақстандықтарды осы жүйе арқылы Оңтүстік Кореяға жұмысқа жіберу 2028 жылдан басталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қазақстан E-9 жүйесіне қатысатын 18-ші мемлекет болады. Қазір EPS бағдарламасына Филиппин, Моңғолия, Шри-Ланка, Вьетнам, Таиланд, Индонезия, Пәкістан, Камбоджа, Қытай, Бангладеш, Шығыс Тимор, Непал, Мьянма, Лаос, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан қатысады.
«Қазақстандық жұмысшыларды Корея Республикасына тарту 2028 жылдан басталады деп күтіліп отыр. Оған дейін үкіметаралық өзара түсіністік туралы меморандум жасасу және Қазақстанда корей тілінен сынақ өткізетін EPS-TOPIK орталығын құруды қоса алғанда, бірқатар ұйымдастыру жұмысын аяқтау қажет», – делінген министрлік хабарламасында.
EPS жүйесіне қосылу қазақстандықтарға екі ел белгілейтін тәртіп бойынша Оңтүстік Кореяда ресми жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Жұмысшыларды іріктеу бейресми делдалдардың қатысуынсыз, ресми жүйе арқылы жүргізіледі. Министрлік рәсім толық іске қосылғанға дейін «Кореяда жұмысқа орналастыруға кепілдік береміз» немесе іріктеуден жылдам өткіземіз деп ақша сұрайтын делдалдарға сенбеуге шақырды.
Үміткерлер корей тілінен сынақ тапсырып, кәсіби дағдылары бойынша бағалаудан және медициналық тексеруден өтуі керек.
Тіркелу мерзімі, үміткерлерге қойылатын талаптар, сынақ өткізу тәртібі және басқа кезеңдер туралы ақпарат кейін ресми арналар арқылы жарияланады.
Қазақстан бірнеше жылдан бері EPS жүйесіне қосылу бойынша жұмыс жүргізіп келеді. 2025 жылғы маусымда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің басшысы Ерболат Әбілхатин 2024 жылы бұл бағытта елеулі жұмыс атқарылғанын, алайда Оңтүстік Кореяда үкімет ауысқаннан кейін үдеріс уақытша тоқтағанын айтқан.
Биыл қаңтарда Оңтүстік Корея делегациясы Қазақстанның EPS жүйесін іске қосуға дайындығын бағалады. Сарапшылар елде жұмысшыларды іріктеу, тілге үйрету, медициналық тексеруден өткізу және олардың заңсыз қалып қоюының алдын алу үшін қажетті инфрақұрылым мен мекемелер бар екенін атап өткен.
Соңғы жаңалықтар
-
Ұлттық қордан 5 трлн теңге жұмсалады, бірақ актив азаймайды – Ұлттық банк төрағасы
5 сағат бұрын
-
Шетелде оқитын қазақстандық студенттер 15 қыркүйекке дейін декларация тапсыруы тиіс
6 сағат бұрын
-
ҚТЖ бейтаныс ерлер мен әйелдерді бір купеге отырғызбау мүмкіндігін қарастырып жатыр
6 сағат бұрын
-
Тоқаев жаңа Мәдениет және ақпарат министріне бірқатар тапсырма берді
7 сағат бұрын
-
Салық кодексіне жаңа өзгерістер ұсынылды: не өзгеруі мүмкін
9 сағат бұрын
-
Шымкентте халықаралық деңгейдегі заманауи ғылыми хаб бой көтермек
9 сағат бұрын
-
Қазақстанда базалық мөлшерлеме тағы төмендеді
9 сағат бұрын
-
ҰҚК адам ұрлау мен бопсалауға қатысы бар 24 қылмыстық топты әшкереледі
10 сағат бұрын
-
Ақмола облысында 50 млн теңгеден астам субсидия заңсыз алынған
11 сағат бұрын
-
Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды
11 сағат бұрын
-
Путин: Ресей мен Украина өзара келісуі керек
11 сағат бұрын
-
Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында екінші орында келеді
12 сағат бұрын
-
Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды
12 сағат бұрын
-
Грузия көрерменін тәнті еткен Түркістан театры Батумиде аншлаг жасады
1 күн бұрын
-
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тыңшылық ісі: Қазақстан Өзбекстанды хабардар етті
1 күн бұрын
-
Тоқаев Құрылтайдағы Президент өкілдігінің басшысын тағайындады
1 күн бұрын
-
Тоқаев төрт министрді ауыстырды: Үкіметтің жаңа құрамы белгілі болды
1 күн бұрын
-
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі ауысты
1 күн бұрын
-
Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі ауысты
1 күн бұрын
-
Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Семей орманындағы экологиялық саяхат балаларға ұмытылмас әсер сыйлады
1 күн бұрын
-
Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі ауысты
1 күн бұрын
-
Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі қызметін жалғастырады
1 күн бұрын
-
Мәди Такиев Қаржы министрі қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Қанат Бозымбаев вице-премьер қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Нұрлыбек Нәлібаевты бірінші вице-премьер етіп қайта тағайындады
1 күн бұрын
-
Жаслан Мәдиев жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып қайта тағайындалды
1 күн бұрын
-
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Қазақстан Ресеймен АЭС салу жөніндегі келісімшартқа қол қойды
1 күн бұрын
-
Ержан Сәденов Ішкі істер министрі қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Абай мектебі төңірегіндегі даудан соң Жұлдыз Сүлейменова Алматыға шұғыл барды
1 күн бұрын
-
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды
1 күн бұрын
-
Жамбыл облысында жаңа туған сәби қоқыс жәшігінен табылды
2 күн бұрын
-
Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрлігіне қайта оралды
2 күн бұрын
-
Оқушылардың жасы ұлғайған сайын анемия мен дәрумен тапшылығы жиілей түседі
2 күн бұрын
-
2017 жылдан бері іздеуде болған қазақстандық терроризм үшін 8 жылға сотталды
2 күн бұрын
-
АҚШ пен Иран қайта соққы алмасты
2 күн бұрын
-
Ұлттық банк зейнетақы қорындағы ақшаны сақтаудың жаңа жолын ұсынды
2 күн бұрын
-
Билл Гейтс дабыл қақты: Біз өзіміз ойлап тапқан технологияның тұтқынына айналып бара жатырмыз
2 күн бұрын
-
Пәтер жалдау қымбаттады: Алматы мен Астанада баға қанша?
2 күн бұрын
-
Зеленский әуе компанияларға Ресей үстімен ұшу қауіпті екенін ескертті
2 күн бұрын
-
Ozon сатушыларға тауарларын Алматы мен Астана қоймаларына орналастыруды ұсынды
2 күн бұрын
-
Дрондардан кибершабуылға дейін: Астанада әлемдік авиация ұйымының басшылары бас қосады
2 күн бұрын
-
Қазақстанда 23 мыңнан астам азамат күзгі әскерге шақырылды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда инста-психологтар дәуірі аяқталды: бүгіннен бастап жаңа заң күшіне енді
2 күн бұрын