$ 470.8 € 545.99 ₽ 6.6

Қазақстандық турист "Малайзияда екі ер адам мені зорламақ болды" деп мәлімдеді

Абдрахманов Мағжан
22 мамыр 2026, 12:27
Қазақстандық турист "Малайзияда екі ер адам мені зорламақ болды" деп мәлімдеді Сурет авторы: ашық дереккөзден

Малайзия астанасы Куала-Лумпурда қазақстандық турист өзіне қатысты зорлау әрекеті болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Томирис есімді қыз Threads желісінде жазды.

Оның айтуынша, кешкі уақытта байланыссыз және баспанасыз қалып, екі бейтаныс ер адамның көмегіне жүгінген. Олар уақытша тұратын орын ұсынамыз деп, кейін шабуыл жасаған.

«Үйге кірген соң олардың бірі есікті жауып, қатты музыка қосып, маған тап берді. Мен айқайлап, бар күшіммен қарсыластым, тістеп, әрең құтылып шықтым», – деп жазды қыз.

Жәбірленушінің сөзінше, ол қашып шыққан кезде барлық жеке заттары, оның ішінде паспорты мен ақшасы сол үйде қалған.

Қыздың мәліметінше, полиция күдіктілердің бірін ұстаған, ал екіншісін іздестіру жалғасып жатыр.

Ulysmedia-ның жазуынша, бұл оқиғаға қатысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді. Ведомство өкілдері жағдай бақылауда екенін хабарлады.

«Қазақстанның Малайзиядағы елшілігі азаматпен және оның туыстарымен байланыста. Қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде», – деп мәлімдеді министрлік.

Соңғы жаңалықтар