$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Қазақстандық теннисші Александр Бублик US Open-2026 турнирінің екінші айналымына шықты

Редакция
31 тамыз 2026, 10:01
Қазақстандық теннисші Александр Бублик US Open-2026 турнирінің екінші айналымына шықты Сурет авторы: ФТК

Қазақстандық теннисші Александр Бублик US Open-2026 турнирінің екінші айналымына жолдама алды. Жарыстың 15-ракеткасы болып тіркелген отандасымыз алғашқы матчында әлемнің 285-ракеткасы, америкалық Джеффри Джон Вулфпен кездесіп, 6:4, 6:2, 3:6, 6:1 есебімен басым түсті.

Кездесудің алғашқы екі сетінде Александр Бублик сенімді өнер көрсетті. Бірінші партияда бір брейк жасап басым болса, екінші сетте қарсыласының екі подачасын қайта алып, еседі арттырды. Алайда үшінші партияда америкалық спортшы есеп айырмасын қысқартып, бір сетті еншісіне байлады. Дегенмен, шешуші төртінші сетте отандасымыз толық басымдық танытып, қарсыласына бар болғаны бір ғана гейм берді.

Ойын барысында Бублик 18 эйс жасап, қарсыласынан бұл көрсеткіш бойынша ерекшеленді (Вулфте 4 эйс). Сондай-ақ ол 8 брейк-пойнтың 7-еуін сәтті пайдаланды. Екінші айналымда қазақстандық спортшы Тьяго Агустин Тиранте мен Адриан Маннарино арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, турнирдің әйелдер арасындағы сайысында Қазақстан атынан Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өнер көрсетеді. Ал ерлер арасындағы екінші ракеткамыз Александр Шевченко бірінші айналымда хорватиялық Дино Прижмичтен бес сетке созылған тартысты кездесуде ұтылып, жарысты аяқтады.

Соңғы жаңалықтар