$ 505.71 € 591.43 ₽ 6.65

Қазақстандық тау шаңғышысы Италияда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті

Редакция
23 қаңтар 2026, 10:08
Қазақстандық тау шаңғышысы Италияда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті Сурет авторы: steppenews.kz

Қазақстандық тау шаңғышысы Александра Скороходова Италияда өткен халықаралық турнирде алтын медаль иеленді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстандық Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында тау шаңғысы спортынан өткен халықаралық FIS турнирінің жеңімпазы атанды. Отандасымыз әйелдер арасындағы слалом жарысында алтын медальды жеңіп алды. Скороходова мәре сызығын 01:39.67 нәтижесімен қиып өтті», - делінген ресми хабарламада.

Жарыс қорытындысы бойынша:

  • 1-орын: Александра Скороходова (Қазақстан)
  • 2-орын: Джун Гаритано Итурбе (Испания)
  • 3-орын: Эмма Гуггенхаймер (АҚШ)

Соңғы жаңалықтар