$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында жеті алтын жеңіп алды

Абдрахманов Мағжан
15 қыркүйек 2025 08:55 459
Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында жеті алтын жеңіп алды Сурет авторы: Сали Сабиров, ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Қазақстандық спортшылар жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Әлем чемпиондары атанғандар: Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова және Айбек Оралбай.

Соңғы жаңалықтар