$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында алты алтын жеңіп алды

Редакция
04 қараша 2024 00:02 4774
Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында алты алтын жеңіп алды Сурет авторы: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Черногорияның Будва қаласында өткен бокстан 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Жарыстың қорытындысы бойынша, қазақстандық спортшылар 6 алтын, 1 күміс және 10 қола медаль иеленіп, медаль кестесінің көшін бастады.

Екінші орынды 5 алтын, 5 күміс және 3 қола медальмен Өзбекстан құрамасы иеленсе, үздік үштікті 5 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль алған Ресей құрамасы түйіндеді.

Әлем чемпиондары атанған қазақстандық боксшылар: Бексұлтан Боранбек (51 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Өнер Сейілхан (71 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг), Елянур Тұрғанова (50 кг) және Аружан Зейнуллаева (81 кг).

Күміс медальды Қазақстан қоржынына Ұлдана Таубай (66 кг) салды.

Қола жүлдеге ие болғандар: Диас Берікбай (48 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Расул Асанханов (92 кг), Аслан Елдібайұлы (92+ кг), Әнел Әбдірасылова (48 кг), Бақжан Отынбай (52 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жанабаева (63 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг) және Панар Сейітханқызы (81+ кг).

Соңғы жаңалықтар