$ 461.37 € 542.16 ₽ 6.14

Қазақстандық авиакомпания Дубайға рейстерін тоқтату мерзімін мамыр айының соңына дейін ұзартты

Редакция
23 сәуір 2026, 11:16
Қазақстандық авиакомпания Дубайға рейстерін тоқтату мерзімін мамыр айының соңына дейін ұзартты Сурет авторы: Inbusiness.kz

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Дубайға ұшатын рейстерді тоқтату мерзімін 31 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартты. Бұл туралы тасымалдаушының баспасөз қызметі хабарлады.

Рейстері тоқтатылған жолаушыларға келесі мүмкіндіктер ұсынылады:

• Билет құнын айыппұлсыз толық қайтару;

• 31 шілдеге дейінгі (қоса алғанда) рейстерге дәл сол қызмет көрсету класы бойынша тегін қайта брондау;

• 31 шілдеге дейінгі Air Astana рейстеріне бағытты тегін өзгерту (тариф айырмашылығы мен әуежай алымдарын қосымша төлеу арқылы).

Егер билет бұған дейін айыппұлмен қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайды.

Бұған дейін FlyArystan компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерін 29 тамызға дейін тоқтатқан болатын.

28 ақпанда Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі арнайы өкім шыққанға дейін Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігінде және оған жақын аумақтарда ұшуға толық тыйым салды. Сыртқы істер министрлігі азаматтарды Таяу Шығыс елдеріне сапарларын жоспарламауға шақырды.

27 наурыздан бастап Мысыр (Египет) баруға кеңес берілмейтін елдер тізімінен алынып тасталды.

Соңғы жаңалықтар