Қазақстандағы жарықтың жаппай өшуіне Қырғызстан кінәлі ме: Бішкек жауап берді
Сурет авторы: Pixabay
Қырғызстан Энергетика министрлігі 14 тамызда Алматы мен Қазақстанның бірнеше өңірінде жарықтың жаппай өшуіне елдің энергетикалық жүйесін кінәлау дұрыс емес деп мәлімдеді. Ведомство апаттың нақты себебін арнайы комиссия анықтайтынын хабарлады.
Қырғыз тарапы 14 тамызда Тоқтоғұл су электр станциясындағы екі гидрогенератордың қысқа уақытқа ажырағанын растады. Министрлік мұны Орталық Азияның біртұтас энергетикалық жүйесіндегі кейінгі өзгерістерге түрткі болған бастапқы ақау деп атады. Алайда бұл жағдайды Қазақстандағы электр қуатының жаппай өшуіне тікелей себеп деп қарастыруға болмайтынын мәлімдеді.
«Алматы энергетикалық торабы Орталық Азияның біртұтас энергетикалық жүйесіндегі жиілік қалыпты көрсеткішке келгеннен кейін ажырады», – делінген Қырғызстан Энергетика министрлігінің хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, қырғыз энергетиктері ақаудан кейін 18 минут ішінде жүйедегі жиілікті қалыпты деңгейге келтірген. Сонымен қатар Қырғызстан көрші елдердің энергетикалық жүйелеріне шамамен 250 МВт қуат берген.
«Бірлескен техникалық тергеу аяқталғанға дейін апаттың кейінгі барлық салдары үшін Қырғызстанның энергетикалық жүйесіне жауапкершілік жүктеу дұрыс емес», – деп мәлімдеді министрлік.
Бұған дейін KEGOC 14 тамызда сағат 14:37-де Қырғызстандағы Тоқтоғұл су электр станциясының екі гидрогенераторы ажырағанын хабарлаған. Компания мәліметінше, соның салдарынан Қазақстанның Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік бағытындағы электр желісіне шамадан тыс күш түсіп, оңтүстік аймақ елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесінен және Орталық Азияның біртұтас энергетикалық жүйесінен бөлініп қалған.
Апат салдарынан Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында тұтынушылар жарықсыз қалды. Электр қуаты сол күні кезең-кезеңімен толық қалпына келтірілді.
Алматы мен Алматы облысында жарық сағат 14:38-де өшкен. «Алатау Жарық Компаниясының» мәліметінше, KEGOC-қа тиесілі жоғары кернеулі үш электр желісі апаттық жағдайда ажырап, соның салдарынан апатқа қарсы автоматты жүйе іске қосылған.
14 тамызда электр қуаты Душанбеде де үзілген.
Соңғы жаңалықтар
-
Астанадағы BINOM мектептері мемлекетке өте бастады
7 минут бұрын
-
23 тамызда Астанада LRT мен автобустар тегін қатынайды
14 минут бұрын
-
Канье Уэсттің концерті: Еліміз жаңа табыс көзін тапты
52 минут бұрын
-
Бақытжан Базарбек жол-көлік оқиғасынан кейін алғаш рет пікір білдірді
55 минут бұрын
-
Қазақстандағы жарықтың жаппай өшуіне Қырғызстан кінәлі ме: Бішкек жауап берді
1 сағат бұрын
-
Геннадий Головкин Украинаның «Миротворец» сайтының тізіміне енді
1 сағат бұрын
-
Арықтаудың кең тараған тәсілі денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін: Ғалымдар дабыл қақты
3 сағат бұрын
-
Қаржылық мониторинг агенттігі атын жамылғандар медицина мекемесінің басшысынан ақша бопсалаған
3 сағат бұрын
-
Әлеуметтік желілердегі үлкен төңкеріс: Meta сотта жеңілсе, біз қолданатын Instagram қалай өзгереді?
4 сағат бұрын
-
Еуропа музейлерін тонау толқыны: Луврдан кейін енді Сицилия шабуылға ұшырады
4 сағат бұрын
-
Бақытжан Базарбек жолда адам қағып кетті ме: Полиция не дейді
4 сағат бұрын
-
Неге павлодарлық жетім қыздың баспана кезегіндегі алты жылы есепке алынбады?
5 сағат бұрын
-
Криштиану Роналду карьерасын аяқтай ма? Жаһандық футбол жұлдызы сенсациялық мәлімдеме жасады
5 сағат бұрын
-
Қазақстан Қашаған бойынша 10,7 млрд долларлық келісімшартта жемқорлық болғанын мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Қазақстандықтар үшін Halyk Invest-те халал акциялар пайда болды
2 күн бұрын
-
Жарық неден өшті: Энергетика министрлігі мән-жайды түсіндірді
2 күн бұрын
-
Алматы мен Алматы облысында электр жарығы жаппай өшті
3 күн бұрын
-
Алматыда курьерлер мен мопедшілер қала тұрғындарын азаматтық ұстаным танытуға үндеді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады
3 күн бұрын
-
Павлодарда полиция бөлімінде ер адам қайтыс болды: туыстары мән-жайды анықтауды талап етті
3 күн бұрын
-
Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
3 күн бұрын
-
Тұрмыстағы зорлықтан жапа шеккендерге көмектесетін орталық қызметкері әйеліне күш қолданған
3 күн бұрын
-
Дрондар соққыларынан кейін Wildberries қанша шығынға батты?
3 күн бұрын
-
Жапаров президенттік орнын Ташиевке бергісі келгенін айтты (ВИДЕО)
3 күн бұрын
-
Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсетінін мәлімдеді
3 күн бұрын
-
КҚК-ға шабуылдардан кейін Қазақстан мен ЕО мұнай тасымалын талқылады
3 күн бұрын
-
Тоқаев Ұлттық банкке инфляцияны тұрақтандыру жұмысын жалғастыруды тапсырды
3 күн бұрын
-
Нұрай Серікбайдың өлімі: Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды
3 күн бұрын
-
Заңгер Мейірман Шекеевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректерін сатуға қойған адам іздестіріліп жатыр
3 күн бұрын
-
Жатақханада орын жетпесе қайда шағымдану керек: Студенттер білуі тиіс басты ережелер жарияланды
3 күн бұрын
-
«Оның жалғыз жетістігі – Марко ван Бастенмен бірге ойнағаны»: Ермұхамед Мәулен ван ’т Шкип туралы
3 күн бұрын
-
17 мың адамда 6-дан артық пәтер бар, ал миллиондаған қазақстандық әлі де баспанасыз жүр
4 күн бұрын
-
FlyArystan Астанадан Қытайға жаңа бағыт ашты
4 күн бұрын
-
Telegram Қазақстанда қайтадан іске қосылды: Байланыс үзілісінің сыры неде
4 күн бұрын
-
Қазақстанда Telegram неге істемей қалды: министрлік себебін анықтап жатыр
4 күн бұрын
-
Қазақстан легионерлерді қаржыландырудан бас тартып, 8 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеді
4 күн бұрын
-
Меккеге апаруға уәде берген: 37 адамды 60 млн теңгеге алдағандар сотталды
4 күн бұрын
-
Жасанды интеллект қазақстандықтарға баспанаға ақша жинауды үйретеді
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтар Telegram жұмысындағы ақауға жаппай шағымданып жатыр
4 күн бұрын
-
Тоқаев Трамптың шақыруымен АҚШ-тағы G20 саммитіне қатысады
4 күн бұрын
-
Павлодардағы зауыт Ресей мұнайын өңдеуге дайындалып жатыр – сарапшы
4 күн бұрын
-
Ғалымдар жиі баспалдақпен көтерілу адам өмірін ұзартатынын анықтады
4 күн бұрын
-
«Евровидение» ережесі түбегейлі өзгерді: Соғыс жағдайындағы елдерге байқауды өткізуге ресми түрде тыйым салынды
4 күн бұрын
-
Елена Рыбакина Торонтодағы жартылай финалда камбэк жасап, финалға жолдама алды
4 күн бұрын
-
Қазақстан туралы арандатушы пікір айтқан шетелдік стримерге елге кіруге бес жылға тыйым салынды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда алтын бағасы күн сайын өсіп барады: Бір граммы қанша
4 күн бұрын
-
АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға келіп, инвестиция мәселесін талқылады
4 күн бұрын
-
«Қазгидромет» ескертеді: Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады
4 күн бұрын
-
Алматылықтар назарына: Канье Уэсттің концерті кезінде Орталық стадионға кіру сызбасы жарияланды
4 күн бұрын