$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай салуы мүмкін

Абдрахманов Мағжан
31 шілде 2025, 16:01
Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай салуы мүмкін Сурет авторы: depositphotos

Қазақстанда салынуы жоспарланған үшінші атом электр станциясының құрылысын Қытай тарапы жүзеге асыруы ықтимал. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметтегі брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда екінші және үшінші АЭС-тердің орналасатын жерлерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл міндетпен Қазақстанның Атом энергетикасы агенттігі мен «Қазақстан атом электр желілері» ЖШС айналысуда.

"Аталған жұмыс биыл аяқталуы тиіс", – деді Скляр.

Журналистер «екінші АЭС-ті салуға ұсынылған қытайлық компания үшінші станцияны да салуы мүмкін бе?» деп сұрады.

"Иә, менің ойымша, солай болады", – деп жауап берді бірінші вице-премьер.

Соңғы жаңалықтар