$ 472.03 € 540.29 ₽ 6.11

Қазақстандағы интернет кеңістігіндегі ең қауіпті желілер анықталды

Редакция
03 шілде 2026, 11:53
Қазақстандағы интернет кеңістігіндегі ең қауіпті желілер анықталды Сурет авторы: BAQ kz коллаж

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі еліміздегі онлайн-платформаларда тіркелген құқық бұзушылықтардың статистикасын жариялады. Ведомство басшысы Аида Балаеваның айтуынша, жыл басынан бері интернет кеңістігінде 27 мыңнан астам заңсыз жарияланым анықталған.

Министрліктің дерегі бойынша, анықталған контенттің басым бөлігін онлайн-казино жарнамасы құрайды (13 806 жағдай). Сондай-ақ, тізімде есірткіні насихаттау (7448) және порнографиялық мазмұнды тарату (6034) сияқты қауіпті бағыттар басым. Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандарға зиян келтіретін ақпараттар мен суицидті насихаттау фактілері де тіркелген.

Статистикалық деректерге сәйкес, заңсыз контенттің ең көп шоғырланған платформалары:

 Instagram – 9532 жарияланым;

 «ВКонтакте» – 8503 жарияланым;

 Telegram – 3018 жарияланым;

 YouTube – 3340 жарияланым;

 TikTok – 2820 жарияланым.

Сондай-ақ, Facebook, «Мой мир», X (Twitter), «Одноклассники» және Threads платформаларында да заңсыз ақпараттар анықталып, тиісті шаралар қабылдануда.

Министрлік онлайн-платформалардағы заңнамалық талаптардың сақталуын тұрақты бақылауда ұстап, құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыра беретінін хабарлайды.

Соңғы жаңалықтар