$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қазақстандағы ең үздік жұмыс беруші компаниялар анықталды

Редакция
28 қараша 2024 09:00 4746
Қазақстандағы ең үздік жұмыс беруші компаниялар анықталды Сурет авторы: freepik

ProHunters HR-агенттігі осы күзде Қазақстандағы еңбек нарығына зерттеу жүргізіп, қазақстандықтар жұмыс істеуді армандайтын үздік 10 компанияны анықтады. Рейтиңді Digital Business жариялады.

Yandex Qazaqstan 16,8% көрсеткішпен көш бастады. Екінші орында Теңізшевройл (11,6%), үшінші орында Kaspi.kz (9,6%). Сондай-ақ үздік бестіктің қатарына Kolesa Group (8,9%) және Beeline Қазақстан (7,4%) енді.

Зерттеу барысында 1106 адам сұралған, олардың 85%-ы Астана, Алматы және Атырау қалаларынан. Респонденттердің 23%-ы IT саласында жұмыс істейді. Қатысушылардан қай компанияда жұмыс істеуді қалайтынын және неге таңдайтынын сұраған. Барлығы 350-ден астам компания аталды. Жауаптардың 36%-ы таныстар мен әріптестердің пікіріне, 36%-ы жеке тәжірибеге, 16%-ы әлеуметтік желілердегі ақпаратқа негізделген.

Жұмыс берушіні таңдаудағы басты себептер:

  • Жалақы мен бонустардың мөлшері – 23%;
  • Еңбек жағдайлары – 19%;
  • Мансаптық өсу мүмкіндіктері – 14%;
  • Корпоративтік мәдениет – 13%.

Аймақтар бойынша үздік компаниялар тізімі:

  1. Yandex Qazaqstan – 16,8%;
  2. Теңізшевройл (ТШО) – 11,6%;
  3. Kaspi.kz – 9,6%;
  4. Kolesa Group – 8,9%;
  5. Beeline Қазақстан – 7,4%;
  6. North Caspian Operating Company (NCOC) – 5,0%;
  7. Freedom Holding Corp. – 4,5%;
  8. Mars – 4,1%;
  9. EPAM Systems – 3,5%;
  10. Air Astana – 3,3%.

Әр категория бойынша үздік компаниялар:

  • Ең жоғары жалақы: Теңізшевройл, NCOC, KAZ Minerals, Yandex Qazaqstan, Kolesa Group, Kaspi.kz.
  • Мансаптық өсу мүмкіндігі: Kaspi.kz, Yandex Qazaqstan, Kolesa Group.
  • Корпоративтік мәдениет: Yandex Qazaqstan, Kolesa Group, Beeline Қазақстан, Kaspi.kz.
  • Басқару құрамы: Kaspi.kz, Теңізшевройл, Kolesa Group.
  • Еңбек жағдайлары: Yandex Qazaqstan, Теңізшевройл, Beeline Қазақстан.


Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мұнай-газ саласындағы компаниялар жоғары жалақыларымен танымал, ал IT секторындағы Yandex Qazaqstan, Kaspi.kz және Kolesa Group жұмысшылар үшін тартымды шарттар мен мансаптық мүмкіндіктер ұсынады. Қазақстандық жұмыс іздеушілер үшін корпоративтік мәдениет пен еңбек жағдайларының маңызы да арта түсті.

Соңғы жаңалықтар