$ 465.74 € 537.23 ₽ 5.62

Қазақстандағы алғашқы командалық теледебатта партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды

Редакция
12 тамыз 2026, 10:33
Қазақстандағы алғашқы командалық теледебатта партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды Сурет авторы: Jibek Joly телеарнасы

Қазақстандағы алғашқы командалық теледебатқа қатысатын саяси партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды. Ашық жеребе Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде тартылды.

Жеребе қорытындысы бойынша партиялар мына ретпен сөз сөйлейді:

  • «Ақ жол»;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
  • «Әділет»;
  •  Қазақстан Халық партиясы;
  •  «Ауыл»;
  •  «Байтақ» жасылдар партиясы;
  •  Respublica.

Теледебат 12 тамызда сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде өтеді. Пікірталас тақырыбы – «Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанның негізі».

Командалық теледебатта Құрылтай сайлауына қатысатын әр партиядан екі өкіл сөз сөйлейді. Олар сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, әділетті қоғам құру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салады.

Сонымен қатар партия өкілдері сайлаушылар мен журналистердің сұрақтарына жауап береді. Көрермендер тікелей эфир кезінде QR-код арқылы сауалнамаға өтіп, қатысушыларға сұрақ жолдай алады.

Теледебат Jibek Joly телеарнасынан және арнаның әлеуметтік желідегі парақшаларынан тікелей көрсетіледі:

️ Telegram: Jibek Joly TV Debate  

️ YouTube: Jibek Joly TV  

📷 Instagram: @jibek_joly.tv @jibekjoly_news  

🔵 Facebook: Jibek Joly  

💬 TikTok: Jibek Joly TV 

Соңғы жаңалықтар