$ 482.33 € 557.57 ₽ 5.74

Қазақстанда журналистерге арналған гендерлік сезімталдық бойынша тренинг өтті

Редакция
23 наурыз 2026, 23:07
Қазақстанда журналистерге арналған гендерлік сезімталдық бойынша тренинг өтті

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған гендерлік сезімталдық тақырыбындағы арнайы оқыту тренингі ұйымдастырылды. Бұл бастама журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған.

Іс-шара Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Үкіметінің қолдауымен, UNFPA және Қазақстандағы ECPM ұйымының қатысуымен жүзеге асуда.

Тренинг 2026–2030 жылдарға арналған медиа саласының мамандарын гендерлік теңдік, репродуктивтік денсаулық және адам құқықтары мәселелері бойынша дамытуға бағытталған бесжылдық бағдарлама аясында өткізілді.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – журналистердің этикалық жауапкершілігін күшейтіп, гендерлік тұрғыдан сезімтал әрі сапалы контент дайындау қабілетін қалыптастыру. Бұл өз кезегінде қоғамда зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарасты нығайтуға ықпал етеді.

Тренинг барысында қатысушылар гендерлік тақырыптарды кәсіби деңгейде жариялау, стереотиптерден арылу және зорлық-зомбылық мәселелерін этикалық тұрғыда көтеру тәсілдерін меңгерді.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай бастамалар медианың сапасын арттырып қана қоймай, қоғамда гендерлік теңдік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар