$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Қазақстанда жеңіл көліктер неге қымбаттап жатыр? Үкімет түсініктеме берді

Абдрахманов Мағжан
31 шілде 2025 13:33 445
Қазақстанда жеңіл көліктер неге қымбаттап жатыр? Үкімет түсініктеме берді Сурет авторы: BES.media

Қазақстанда соңғы бір жылда жаңа жеңіл автокөліктердің бағасы 21%-ға өскен. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасындағы ең жоғары өсім. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді.

"ЕАЭО елдеріне жеткізілетін тауарлардың бағасында айырмашылық бар. Бұл – шешуді қажет ететін мәселе. Біз бұл бағытта одақ аясында жұмыс істеуіміз керек", – деді Скляр.

Оның айтуынша, Қазақстанда құрастырылатын көліктердің бір ерекшелігі – олар зауыттан тікелей жеткізілетін жинақ жиынтықтары негізінде құрастырылады.

"Көлік жинақтары тек өндіруші зауыттан жеткізіледі. Яғни делдалдар жоқ. Қазақстандағы зауытта құрастырылып, кейін ел ішінде немесе шетелге сатылады. Бұл – ең ашық әрі қауіпсіз тетік. Себебі кедендік рәсімдеу кезінде құны жасанды түрде төмендетілмейді, мемлекет шығынға ұшырамайды. Оның үстіне, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға, салық түсімдері мен автокомпоненттер базасын дамытуға ықпал етеді", – деді бірінші вице-премьер.

Баға айырмашылығы мәселесі бойынша ЕАЭО аясында тиісті жұмыстар жүріп жатқанын да атап өтті.

Соңғы жаңалықтар