$ 479.26 € 546.21 ₽ 6.13

Қазақстанда жанармай бағасына бақылау күшейтіледі

Абдрахманов Мағжан
02 шілде 2026, 09:12
Қазақстанда жанармай бағасына бақылау күшейтіледі Сурет авторы: kolesa.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанар-жағармай нарығындағы бағаға бақылауды күшейтетінін мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттік төрағасы Марат Омаровтың төрағалығымен өткен кеңесте аумақтық департаменттерге мұнай жеткізушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сатушылардың, автожанармай құю стансалары мен автогаз құю стансаларының баға саясатына тұрақты мониторинг жүргізу тапсырылды.

Ведомствоның мәліметінше, егер бақылау барысында бәсекелестік туралы заңнаманың бұзылу белгілері анықталса, монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданады.

Сонымен қатар агенттік монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына жол бермеуге бағытталған арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеген.

Бұдан бөлек, өңірлік штабтардың жұмысы аясында мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл да күшейтіледі.

Соңғы жаңалықтар