$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

Қазақстанда зейнетақы жинағын стоматология арқылы заңсыз шығарған 11 адам ұсталды

Редакция
06 қаңтар 2026, 12:12
Қазақстанда зейнетақы жинағын стоматология арқылы заңсыз шығарған 11 адам ұсталды Сурет авторы: Orda.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражатты заңсыз шығару дерегі бойынша ауқымды тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 11 күдікті қамауға алынып, тағы 3 адам үйқамаққа алынды. Қылмыстық схемаға барлығы 42 стоматологиялық клиника қатысқан, олар арқылы жалпы сомасы 200 миллиард теңгеден астам қаражат заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырылған, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.

Қылмыстық схема жалған медициналық құжаттар мен тіс емдеу қызметіне жасалған ойдан шығарылған келісімшарттар арқылы жұмыс істеген. Күдіктілер бұл «көмегі» үшін зейнетақы жинағының 10%-дан 20%-ға дейінгі бөлігін сыйақы ретінде алып отырған. Ал заңсыз тапқан табыстарына элитті жылжымайтын мүлік пен қымбат көліктер сатып алып, жаңа клиникалар ашқан. Сонымен қатар  дәрігерлерге жалған қорытынды бергені үшін жалпы сомасы 30 миллион теңге пара берілгені анықталды.

Агенттік зейнетақы жинағын осы жолмен алған қарапайым азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын ерекше атап өтті. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар