$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қазақстанда ұялы байланыс қызметінің қымбаттауы 13 жылдық рекордты жаңартты

Редакция
31 наурыз 2024, 05:24
Қазақстанда ұялы байланыс қызметінің қымбаттауы 13 жылдық рекордты жаңартты Сурет авторы: Luis Villasmil, Unsplash

Ақпанда ұялы байланыс қызметі бірден 6,2%-ға қымбаттады. Бұл – соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Qrnews.kz тілшісі DataHub-қа сілтеме жасап.

Бағаның айлық негізде көтерілуі өткен жылдың шілде және тамыз айларында байқалған. Екі айда да 2,8%-ға қымбаттаған. Ал ұялы байланыс қызметінің бағасының арзандауы 2018 жылдың ақпанында тіркелген.

Жылдық негізде бағаның өсуі 12,4 пайызды құрады, бұл да ең жоғары көрсеткіш. Айта кету керек, өткен жазға дейін бағаның өсу қарқыны айтарлықтай білінбеген. 

Бұл ретте мобильді интернетке абоненттік төлем 0,2%-ға ғана өсті.

Соңғы жаңалықтар