Қазақстанда Украинадағы соғысқа қатысқан азаматтарға қатысты 700-ден астам қылмыстық іс қозғалды
Сурет авторы: Efrem Lukatsky / AP / East News
2025 жылы Қазақстанда Украинадағы соғысқа қатысу үшін Ресейдің әскери құрылымдарына жалданған азаматтарға қатысты 700-ден астам қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы Медиазона басылымы хабарлады.
Медиазона мен BBC Орыс қызметі бірлескен есептеулеріне сәйкес, Украинадағы соғыс барысында Қазақстанның шамамен 200 азаматы немесе тумасы қаза тапқан.
Басылым «Прощай, оружие» жобасымен бірлесіп, Қазақстандағы сот статистикасын және нақты үкімдерді зерттеген. Нәтижесінде қазақстандықтардың соғысқа қалай тартылатынына қатысты негізгі тетіктер анықталған. Зерттеуге сәйкес, Ресей армиясына ең белсенді түрде посткеңестік елдердің азаматтары тартылып отыр. Алғашқы кезеңде бұл үдеріс негізінен «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы мен басқа да параәскери құрылымдар арқылы жүрген. 2022 жылдың күзінен бастап шетелдіктерді Ресей Қорғаныс министрлігіне тікелей келісімшартпен қабылдай бастаған, кейін тіпті жеделдетілген азаматтық уәде етілген.
2025 жылдың сәуір және шілде айларында Украинаның мемлекеттік «Хочу жить» жобасы Ресей жағында соғысқан немесе соғысып жүрген 1200 Қазақстан азаматының тізімін жариялаған. Ал Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректерінше, биыл соттарда «шетел аумағындағы қарулы қақтығыстарға қатысу» және «жалдамалылық» баптары бойынша рекордтық көлемде істер қарала бастаған.
Егер 2022 жылға дейін мұндай үкімдер саны 50-ден аспаса, 2024 жылы 17 іс жалдамалылық, 166 іс шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу дерегі бойынша тіркелген. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш күрт өсіп, 709 іс – шетелдегі соғысқа қатысу, 28 іс – жалдамалылық бойынша қозғалған. Биыл соттарда 100-ден астам іс «қатысу», 12 іс «жалдамалылық» бойынша қаралған. Соғыс басталғалы бері сотқа жеткен істердің жалпы саны 149 және 30-ға жеткен.
Құқық қорғаушы Артур Алхастов «Медиазонаға» соғысқа қатысқаны үшін шығарылған 17 сот үкімін ұсынған. Оның бірінде айыпталушының қаза табуына байланысты іс тоқтатылған, бір жағдайда сотталушы мәжбүрлі емдеуге жіберілген. Үкімдердің бесеуі «Вагнер» құрамында, ал 11-і Ресей Қорғаныс министрлігіне қарасты немесе соған жақын құрылымдарда қызмет еткен.
Сотталғандардың барлығы нақты мерзімге бас бостандығынан айырылған. Олардың арасында Қарағанды, Шымкент, Көкшетау қалаларының, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстарының тұрғындары бар. Кейбірі Ресейге жұмыс іздеп барып, келісімшартқа тап болғанын айтса, бір азаматтың сөзінше, оны құжат мәселесіне байланысты күш қолданып, келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлеген. Басқалары идеологиялық себеппен немесе «жауынгерлік тәжірибе жинау» мақсатында барғанын көрсеткен.
Зерттеуде атап өтілгендей, Орталық Азия елдерінен азаматтарды тарту схемалары ұқсас – Ресейге жұмысқа барған адамдар қаржылық себеппен немесе құжаттағы қиындықтарға байланысты соғысқа баруға келіседі. Кей жағдайда келісімшартқа мәжбүрлеу фактілері де тіркелген. «Медиазонаның» дерекқорында соғыста қаза тапқандар 25 ел бойынша тіркелген.
Соңғы жаңалықтар
-
Brent бағасы 100 доллардан төмен түсті: мұнай неге арзандады
3 сағат бұрын
-
Тоқаев: Тіл саясиландыратын мәселе болмауға тиіс
3 сағат бұрын
-
Апелляциялық сот Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды
4 сағат бұрын
-
Кітап оқу адамға не береді: журналист Ержан Жаубай жеті пайдасын атады
5 сағат бұрын
-
ММА-дан тағы бір алтын: Қадырбек Шынбаев Азия ойындарында топ жарды
5 сағат бұрын
-
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясын шақырды
6 сағат бұрын
-
Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Рауан Кенжеханұлы: Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітті
7 сағат бұрын
-
Жолдағы жаңа ережелер: Астанаға күн сайын кіретін 150 мың көлік қалай бақыланады
8 сағат бұрын
-
Айыппұлмен шектелмейді: жол ережесін жиі бұзғандарға жаза күшейтілмек
8 сағат бұрын
-
Оң жақ рөлді көліктер таксиге жіберілмейді: ІІМ бақылауды күшейтеді
8 сағат бұрын
-
Қазақстан қоржынына бесінші алтын түсті: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды
8 сағат бұрын
-
Диктант, шығарма, бақылау жұмысы: бастауыш сынып оқушылары қалай бағаланады
9 сағат бұрын
-
Жылуды қашан қосады: Қай өңірлерге ерте берілетіні белгілі болды
9 сағат бұрын
-
Американың жетекші БАҚ өкілдері Дональд Трампты сотқа берді
10 сағат бұрын
-
АҚШ Иранмен қақтығыс біткен соң Таяу Шығысты қалпына келтіруге 5 млрд доллар бөлуі мүмкін
10 сағат бұрын
-
WBC чемпионы Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырып, бұрынғы допинг дауын есіне салды
10 сағат бұрын
-
Зеленский Ресейдің энергетика нысандарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады
10 сағат бұрын
-
АҚШ-тағы қымбатшылық Трамптың рейтингін рекордтық 32 пайызға түсірді
10 сағат бұрын
-
Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды
10 сағат бұрын
-
Жаңбыр, найзағай және +32 градус: 22 қыркүйекте күн райы қандай болады
10 сағат бұрын
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
1 күн бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
1 күн бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
1 күн бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
1 күн бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
1 күн бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
1 күн бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
1 күн бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
1 күн бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
1 күн бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
1 күн бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
1 күн бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
1 күн бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
1 күн бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
3 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
3 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
4 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
4 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
4 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
4 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
4 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
4 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
4 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
4 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
4 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
4 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
4 күн бұрын