$ 540.05 € 629.16 ₽ 6.65

Қазақстанда тіркеуі жоқ азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақы төлемеуі мүмкін

Абдрахманов Мағжан
04 қыркүйек 2025 14:51 184
Қазақстанда тіркеуі жоқ азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақы төлемеуі мүмкін Сурет авторы: depositphotos

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірқатар азаматқа төлемдердің тоқтатылуын қарастыратын түзетулер әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. Талқылау 24 қыркүйекке дейін жалғасады, ал жаңа ережелер желтоқсаннан бастап күшіне енуі мүмкін.

Жобаға сәйкес, тұрақты тіркеуі жоқ немесе шетелден ықтиярхат алған азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері жүргізілмейді. Қазіргі таңда елде 100 мыңнан астам тіркеуі жоқ адам әлеуметтік төлемдер алып отыр.

Сонымен қатар толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі азаматтарға – әлеуметтік мекемелер мен колонияларда тұратындарға қатысты да өзгерістер ұсынылған. Бүгінде олардың төлемдері арнайы есепшоттарға аударылады, ал белгілі бір бөлігі (30 немесе 70 пайызы) жеке пайдалануға қалдырылады.

Жаңа редакцияда тек 30 пайызын ғана қалдырып, қалғанын бюджетке қайтару қарастырылған. Министрліктің түсіндіруінше, мұндай азаматтардың тамағы, тұрағы және күтімі мемлекет есебінен өтеледі.

Соңғы жаңалықтар