$ 539.55 € 627.55 ₽ 6.7

Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

Редакция
11 мамыр 2024 04:07 1130
Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

15 мамырда елімізде телеарналар мен радио жұмысы бір күнге тоқтайды. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлады. 

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты, биыл 15 мамырда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар