$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

Қазақстанда танымал шай брендтеріне тыйым салынды: Құрамынан заңсыз бояғыштар табылды

Редакция
06 қаңтар 2026, 09:52
Қазақстанда танымал шай брендтеріне тыйым салынды: Құрамынан заңсыз бояғыштар табылды Сурет авторы: inbusiness

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысымен (№ 1-ПГСВ, 05.01.2026) елімізге бірнеше қара шай түрін әкелуге және сатуға уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Сараптама барысында бұл өнімдерден шай өндірісінде қолдануға мүлдем болмайтын қауіпті тағамдық бояғыштар — E110, E102 және E124 анықталған. Сонымен қатар өндірушілер қаптамада жалған мекенжайлар көрсетіп, тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген.

Тыйым салынған өнімдер тізімі:

  • «Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat» Gold, «БАЛҚИЯ Premium gold» («Orda Trade Astana»);
  • «Sultan Suleyman», «Pakistan tea» («Real Trade Astana»);
  • «Al-Jannat Premium» («Ferdaus»);
  • «Aje Onim» («Орда Чай»);
  • «Alfarah» (өндірушісі белгісіз).

Соңғы жаңалықтар