$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстанда сыбайлас жемқорлардың жария тізімі жасалады

Редакция
15 қаңтар 2025 03:58 2214
Қазақстанда сыбайлас жемқорлардың жария тізімі жасалады

Тізімге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдар енгізіледі. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Тізілімге қосу айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана мүмкін болады. Ал тізімнен шығару үшін заңды күшіне енген ақтау үкімі немесе соттылықты өтеу негіз болады.

Тізілім Антикордың ресми сайтында жарияланып, онда қылмыс жасалған кездегі қылмыскердің жұмыс орны мен лауазымы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекетінің құрамы туралы ақпарат қамтылады

Соңғы жаңалықтар