$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Қазақстанда су тасқынының зардаптарын жоюға бөлінген 1 млрд теңгені жымқырып үлгерді

Редакция
23 сәуір 2024 03:05 1621
Қазақстанда су тасқынының зардаптарын жоюға бөлінген 1 млрд теңгені жымқырып үлгерді Сурет авторы: kursiv.media

Су тасқынының зардабын жою үшін Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлген болатын. Қазірдің өзінде 1 млрд теңгені жымқырып үлгерген, деп хабарлайды Qrnews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексеретін болады. Мұндай тапсырманы ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов берді.

Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды.

"Алдын ала есеп бойынша залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты.  Бұл қаражат бұдан бұрын гидроқұрылыс нысандарының қызметін қамтамасыз етуге бөлінген болатын", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар алдын-алу жұмыстары зардап шеккендерге көмектесу үшін ақша жинауды жариялайтын алаяқтарға қарсы тұруға бағытталатын болады.

Соңғы жаңалықтар