$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

Қазақстанда SIM-карталар енді тек биометрия арқылы беріледі

Редакция
06 қаңтар 2026, 17:01
Қазақстанда SIM-карталар енді тек биометрия арқылы беріледі Сурет авторы: Instagram

3 қаңтардан бастап елде жаңа ережелер күшіне енді. SIM-картаны бұрынғыдай кез келген жерден сатып алуға болады.
Жаңа SIM-картаны телефонға салған кезде оған SMS келеді. Осыдан кейін карта сатып алынған оператордың қосымшасын жүктеп алып, биометриядан өту және тарифтік жоспарды таңдау қажет. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков мәлімдеді.
Айта кетейік, бір адамның атына 10-нан астам SIM-карта алуға болмайды. Билік бұл шаралар алаяқтықпен күресу үшін қажет екенін алға тартуда.

Соңғы жаңалықтар