$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Қазақстанда риэлторларға талап күшейеді

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 4569
Қазақстанда риэлторларға талап күшейеді

Елімізде риэлторларға қатысты талап күшеюі мүмкін. Қазақстан риэлторлар қауымдастығы былтыр қараша айында тиісті заң жобасын парламентке ұсынған. Егер, заң жобасы бекітілсе, тұтынушының құқығын таптап, қауымдастықтың атына кір келтіріп жүргендерге тосқауыл қойылмақ.

Ең алдымен, бұл қызмет түрін көрсетумен айналысатын азамат, қауымдастыққа қарасты Жылжымайтын мүлік академиясында білім алуы шарт. Сонда ғана заңсыз жұмыс істеп жүргендердің тізімі белгілі болмақ.

«Міне, енді болашақта заң қабылданса, риелтор болып жұмыс істейтін адамның қолында оның оқуды бітіргені туралы сертификаты болады, содан кейін оның Қазақстан риелторлар қауымдастығында мүше екендігі туралы куәлік беріледі. Ол кез-келген уақытта базада тіркеулі тұрады», -  Қазақстан риелторлар қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі Жәрдем Ақбисенов.

Қазақстанда кейінгі үш жылда жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша шамамен 1,5 миллион келісім жүзеге асқан. Krisha.kz сайтындағы жылжымайтын мүлікті сату туралы хабарландырулардың кем дегенде жартысын риэлторлар жариялаған. Яғни қазақстандықтардың көбіне амалы қалмайды және риэлторлармен жұмыс істеуге мәжбүр. АҚШ, Франция және басқа да Еуропа елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, риэлторлық қызметті қатаң мемлекеттік реттеу, лицензиялауды енгізу, этикалық кодексті қатаң сақтау, болашақ риэлторлардың жеке басын және қылмыс жасаған-жасамағанын тексеру қажет. 

Осыған орай мәжіліс депутаты Олжас Құсбеков мынадай ұсыныс жасады: 

  • риэлторлық қызметті мемлекеттік реттеуді белгілеу, оны лицензиялауды енгізу, риэлторларды міндетті оқытуды және біліктілік емтихандарын тапсыруды енгізу;
  • елдегі барлық риэлторлық компания үшін «арбитраж бабын» алып тастайтын бір типті келісім әзірлеу;
  • тәжірибе, білім, академиялық және кәсіби жетістіктері бойынша арбитрлерге қойылатын талаптарды арттыру, сондай-ақ оларға жүйелі бақылау орнату және тиісті органдарға қызметі туралы тұрақты есеп беруді талап ету.

Соңғы жаңалықтар