Қазақстанда өсімдік майы өндірісі рекорд жаңартты: экспорт $1 млрд-қа жақындады
Елордада майлы дақылдарды қайта өңдеу өнеркәсібінің жетістіктері мен алдағы даму стратегиясын айқындаған «FOC 2026: Fats and Oils Conference» бесінші мерейтойлық халықаралық конференциясы өтті. Аталған іс-шараға дүниежүзінің 18 елінен 330-дан астам делегат қатысып, саланың өзекті мәселелері мен экспорттық бағыттарын талқылады.

Форумның ресми ашылуында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сөз сөйлеп, май өнімдері өндірісінің ұлттық экономиканы дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. Салалық министрліктер мен «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының қолдауымен Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы ұйымдастырған бұл шараға халықаралық ұйымдар мен ірі трансұлттық компаниялар өкілдерінің қатысуы Қазақстанның осы сектордағы позициясы нығайып келе жатқанын айғақтайды.
Пленарлық отырыстар барысында өндірістің экспорттық әлеуеті, мемлекеттік қолдау тетіктері және сыртқы нарықтардағы жаңа мүмкіндіктер қарастырылды. Сарапшылардың пікірінше, соңғы жылдары май индустриясы отандық агроөнеркәсіп кешенінің ең серпінді сегменттерінің біріне айналды.
Өндірістік көрсеткіштер және ішкі нарықты қорғау
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында өсімдік майын өндіру көлемі 1,57 миллион тоннадан асып, рекордтық көрсеткішке жетті. Сонымен қатар, экспорттан түскен валюталық түсім 963 миллион АҚШ долларын құрап, соңғы төрт жылмен салыстырғанда төрт есеге жуық өсті. Қазіргі уақытта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының жалпы құрылымындағы бұл саланың үлесі 27 пайызды құрап отыр.

Сондай-ақ, соңғы төрт жылда күнбағыс майын шығару көлемі 2,3 есеге ұлғайып, 752 мың тоннадан асты. Бұл ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді: бұрын импорт үлесі 39 пайыз болса, қазіргі таңда ол 18 пайызға дейін қысқарды. Өндіріс қуатының артуы ішкі нарықтағы баға тұрақтылығына оң әсер етті. Жаһандық нарықта өсімдік майының бағасы өскеніне қарамастан, мемлекет пен отандық өндірушілердің тиімді ынтымақтастығы нәтижесінде зауыттардың көтерме бағасы тұрақты деңгейде сақталды.
Жаһандық нарықтар және логистикалық инфрақұрылым
Бүгінгі таңда қазақстандық май өнімдері әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады. Қазақстан күнбағыс майын экспорттаушы елдердің жаһандық рейтингінде 6-шы орынды иеленсе, Қытай Халық Республикасының нарығында екінші позицияға көтерілді. Сонымен қатар, Өзбекстан мен Тәжікстан Республикаларында тұтынылатын күнбағыс майының басым бөлігі қазақстандық өнімдердің үлесіне тиесілі.
Логистика бағытында да оң өзгерістер байқалуда. Есепті кезеңде алғаш рет Ақтау порты арқылы өсімдік майын теңіз көлігімен тасымалдау жүзеге асырылды. Мұнымен қоса, Қытай бағытына өнім жеткізудің жаңа бағыттары іске қосылып, тасымалдау тізбегі оңтайландырылуда.
Стратегиялық даму және перспективалар
Конференция аясында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры Айтмұхамед Алдажаров саланың даму болашағына қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді:
Қазақстан өсімдік майы экспортынан әлемдік ТОП-3 елдің қатарына нақты қай жылы кіре алады және ол үшін не қажет?
«Бұл мақсатқа жету үшін Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «QazTrade» және Май өңдеушілер қауымдастығы бірлесіп арнайы бағдарлама әзірледі. Онда халықаралық озық тәжірибелер ескеріліп, нақты қадамдар белгіленген. Бағдарламаға сәйкес, Қазақстан 2028 жылы әлемдік ТОП-3 экспорттаушы елдің қатарына қосылуы тиіс. Қазірдің өзінде сала жоспарланған қарқыннан жоғары дамып келеді».

Қытай нарығына шығуда теміржол кептелісі мен шекарадағы кедергілерді «QazTrade» қалай шешіп жатыр?
«Бұл – кешенді мәселе. Бүгінде әлемде құрлықтағы көлік дәліздеріне сұраныс артып келеді, ал Қазақстан сол маңызды бағыттардың транзиттік торабы болып табылады. Осыған байланысты өткізу бекеттерін кеңейту және логистикалық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қазіргі уақытта айтарлықтай кедергілер жоқ, ал туындаған мәселелер жедел тәртіппен шешіліп отырады».
Сала өкілдері алдағы жылдары экспорт көлемін одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта халықаралық серіктестермен бірлесіп 2026–2028 жылдарға арналған арнайы Жол картасы қабылданды. Құжатқа сәйкес, экспорттық түсімді 1,5 миллиард АҚШ долларына жеткізу және Қазақстанды күнбағыс майын экспорттайтын әлемдегі жетекші үш елдің қатарына қосу міндеті тұр.
Сарапшылардың пайымдауынша, өндіріс көлемінің артуы, экспорт географиясының кеңеюі және логистикалық инфрақұрылымның дамуы Қазақстанның әлемдік май нарығындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Жоспарланған жобалар толық жүзеге асқан жағдайда, таяу жылдары еліміздің әлемдік жетекші экспорттаушылардың үштігіне енуге толық әлеуеті бар.
Авторы: Нуризат Мұратбекқызы
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын