$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Қазақстанда лицензиясыз жұмыс істеген 58 мектепке айыппұл салынды

Редакция
22 қараша 2024 02:39 4463
Қазақстанда лицензиясыз жұмыс істеген 58 мектепке айыппұл салынды

2024 жылдың басынан бері жүргізілген тексеру барысында лицензиясыз қызмет атқарған 58 мектеп анықталды. Олардың 17-сі талаптарға сай жұмысын реттеген. Қалған мектептерге қатысты сот шешімімен 
айыппұл салынды.

Бұл мектептер негізінен Астана, Алматы қалалары мен бірнеше облыстарда орналасқан. Комитет төрағасы Ернұр Дәуеновтің айтуынша, лицензияның болмауы мектептердің талаптарға сәйкес келмейтінін немесе құжаттарды тапсырмағанын білдіреді. Лицензиясыз жұмыс жасаған мекемелер қайта бұзушылық анықталса, қызметін тоқтатады.

Лицензия алу үшін мектептерге материалдық-техникалық база, білікті мұғалімдер, санитарлық нормалардың сақталуы және медициналық қызмет көрсету сияқты талаптар қойылады.

Соңғы жаңалықтар