$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қазақстанда Kinder өнімінен қауіпті заттар табылғаны рас па?

Редакция
23 желтоқсан 2025, 15:38
Қазақстанда Kinder өнімінен қауіпті заттар табылғаны рас па? Сурет авторы: Marco

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде Kinder шоколадының қауіптілігі туралы тараған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды informburo.kz.


Бұл қауесет 2016 жылғы ескі деректерге негізделген. Сол уақытта германиялық Foodwatch ұйымы Ferrero өнімдерінен минералды майлардың іздерін тауып, оның денсаулыққа зиян екенін мәлімдеген болатын. Алайда Ferrero компаниясы бұл заттардың қоршаған ортада кең таралғанын түсіндіріп, өндіріс пен қаптама стандарттарын күшейтуге уәде берді.


Комитет өкілдері бұл мәселенің кезінде ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ) деңгейінде толық тексерілгенін және заң бұзушылықтардың расталмағанын атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан тұрғындарынан Kinder өніміне қатысты ешқандай шағым түскен жоқ. Мамандар азаматтарды дүрбелеңге салынбай, тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Соңғы жаңалықтар