Қазақстанда ескі телефондарға сұраныс күрт артты: мамандар маңызды ескерту жасады
Сурет авторы: iStock photo.com
Қазақстанда пайдаланылған және істен шыққан ұялы телефондарды сатып алуға қызығушылық артып келеді. Қазіргі уақытта сатып алушылар жұмыс істемейтін құрылғыларды да қабылдауда, деп хабарлайды 31 арна.
Соңғы уақытта еліміздің бірқатар қалаларында дауыс зорайтқыш орнатылған көліктер тұрғындарды ескі әрі бұзылған телефондарын сатуға шақырып жүр. Сонымен қатар жөндеу шеберханаларында да ескі құрылғыларды сатып алу жөніндегі хабарландырулар көбейген. Сатып алушылардың айтуынша, оларды негізінен құрылғылардың аналық тақталары мен жады модульдері қызықтырады.
Техника жөндеу саласында 13 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан маман Жақсылық Мұсатаевтың айтуынша, қолданыста болған құрылғылар нарығы екі бағытқа бөлінеді. Бір топ ескі телефондарды құрамындағы бағалы металдарды, соның ішінде алтын бөлшектерін алу үшін жинаса, екінші топ жұмысқа жарамды микросхемалар мен аналық тақталарды сатып алады. Себебі қазіргі уақытта көптеген телефон модельдеріне қажетті қосалқы бөлшектерді табу қиын әрі қымбатқа түседі.
Маманның сөзінше, жиналған бөлшектер кейін жөндеу жұмыстарына пайдаланылады немесе қайта құрастырылған құрылғыларды нарыққа шығаруға жұмсалады. Мұндай телефондардың бағасы олардың күйіне қарай 500 теңгеден 10 мың теңгеге дейін жетеді.
Сонымен қатар сарапшылар ескі телефондарды сату кезінде жеке деректердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады. Киберқауіпсіздік саласының маманы Евгений Питолин смартфонда сақталған ақпараттың қаржы қызметтеріне, құжаттарға және жеке мәліметтерге қолжетімділік беретінін атап өтті.
Оның айтуынша, көптеген азаматтар құрылғыны зауыттық параметрлерге қайтару барлық ақпаратты толық жояды деп есептейді. Алайда іс жүзінде деректер жадтан бірден өшірілмейді және арнайы бағдарламалар арқылы қалпына келтірілуі мүмкін.
Мамандар телефонды сатпас бұрын келесі қауіпсіздік шараларын орындауға кеңес береді:
- барлық аккаунттардан шығып, сақталған құпиясөздерді жою;
- маңызды құжаттар мен файлдардың резервтік көшірмесін жасау;
- жеке кабинет арқылы құрылғыны тіркелген құрылғылар тізімінен алып тастау;
- «Құрылғыны табу» функциясын өшіру;
- құрылғыны зауыттық параметрлерге қайтару.
Сарапшылардың пікірінше, бұл әрекеттер жеке деректердің бөгде адамдардың қолына түсу қаупін азайтады.
Соңғы жаңалықтар
-
Жамбыл облысында жаңа туған сәби қоқыс жәшігінен табылды
5 сағат бұрын
-
Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрлігіне қайта оралды
5 сағат бұрын
-
Оқушылардың жасы ұлғайған сайын анемия мен дәрумен тапшылығы жиілей түседі
5 сағат бұрын
-
2017 жылдан бері іздеуде болған қазақстандық терроризм үшін 8 жылға сотталды
10 сағат бұрын
-
АҚШ пен Иран қайта соққы алмасты
11 сағат бұрын
-
Ұлттық банк зейнетақы қорындағы ақшаны сақтаудың жаңа жолын ұсынды
11 сағат бұрын
-
Билл Гейтс дабыл қақты: Біз өзіміз ойлап тапқан технологияның тұтқынына айналып бара жатырмыз
11 сағат бұрын
-
Пәтер жалдау қымбаттады: Алматы мен Астанада баға қанша?
11 сағат бұрын
-
Зеленский әуе компанияларға Ресей үстімен ұшу қауіпті екенін ескертті
12 сағат бұрын
-
Ozon сатушыларға тауарларын Алматы мен Астана қоймаларына орналастыруды ұсынды
12 сағат бұрын
-
Дрондардан кибершабуылға дейін: Астанада әлемдік авиация ұйымының басшылары бас қосады
12 сағат бұрын
-
Қазақстанда 23 мыңнан астам азамат күзгі әскерге шақырылды
12 сағат бұрын
-
Қазақстанда инста-психологтар дәуірі аяқталды: бүгіннен бастап жаңа заң күшіне енді
13 сағат бұрын
-
Жетісу облысында жол апатынан алты адам қаза тапты
13 сағат бұрын
-
Иран АҚШ келісімге қайта оралса, атысты тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
«БҰҰ атына жиі сын айтылады, бірақ оның баламасы жоқ» – Тоқаев
1 күн бұрын
-
Тоқаев күш көрсету мен текетіреске негізделген әлемдік тәртіптен бас тартуға шақырды
1 күн бұрын
-
Шабуылға ұшыраған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу ұсынылды
1 күн бұрын
-
Риддерде 600 орындық заманауи мектеп пайдалануға берілді
1 күн бұрын
-
«Әділет» Құрылтайдағы спикерлерін 13 бағыт бойынша бөлді
1 күн бұрын
-
Шетелдіктер үшін Қазақстанға кіру ақылы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
«Иран өлді»: Дональд Трамп Тегеранға соққы беретінін айтып сес көрсетті
1 күн бұрын
-
Инфляция бір жарым жылда алғаш рет 10%-дан төмендеді
1 күн бұрын
-
Тоқаев: Қарулы қақтығыстардың салдары соғыс аймағынан тыс жерлерге де таралып жатыр
1 күн бұрын
-
Пәтер мен Lexus-ті пайызсыз береміз деген: Amanat Drive қаржы пирамидасының басшылары сотталды
1 күн бұрын
-
2027 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апару құқығына кімдер ие болды
1 күн бұрын
-
Айбек Дәдебай Құрылтайдың заң шығару жұмысындағы басымдықтарды атады
1 күн бұрын
-
Қырғызстан мен Қытай шекарада көпір салып, мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды
1 күн бұрын
-
«Отбасы банк» басшылары 2025 жылы қанша миллион теңге сыйақы алды
1 күн бұрын
-
2027 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қанша болады?
1 күн бұрын
-
Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады
1 күн бұрын
-
Тоқаев Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
1 күн бұрын
-
Елордадағы ең қарбалас көшелердің бірінде көлік қозғалысы шектелді
1 күн бұрын
-
Моди Путинді Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды
1 күн бұрын
-
Тоқаев пен Путин Бішкекте кездесті
1 күн бұрын
-
Air Astana-ның бұрынғы басшысы айына шамамен 57 млн теңге сыйақы алған
2 күн бұрын
-
Елімізде жаңа оқу жылында 4 миллионнан астам бала мектепке барады
2 күн бұрын
-
Еліміздегі топ-5 банктің бірін грузиялық инвестор сатып алуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы балалар нейрохирургиялық роботы Өскеменге орнатылады
2 күн бұрын
-
Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жекеменшік мектептерді мемлекеттік қаржыландыру мөлшері бекітілмек
2 күн бұрын
-
Алматыда бензин, газ және дизельмен жүретін көліктер қосымша тексеріледі
2 күн бұрын
-
Журналистердің кулуарда депутаттарға сұрақ қоюына шектеу қойылды
2 күн бұрын
-
Orda.kz жобасы жұмысын тоқтатады
2 күн бұрын
-
Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
2 күн бұрын
-
Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринге бірқатар міндет жүктеді
2 күн бұрын
-
Ақтауда катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Тоқаев пен Путин Бішкекте кездеседі: Қос ел лидерлерінің кездесуінде қандай мәселелер талқыланады
2 күн бұрын
-
Қар жаууы мүмкін: қыркүйек айының басында күн күрт суытады
2 күн бұрын
-
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік арзандады
2 күн бұрын