$ 470.46 € 543.1 ₽ 5.86

Қазақстанда еріктілердің өмірі мен денсаулығы сақтандырылады

Редакция
03 сәуір 2026, 09:30
Қазақстанда еріктілердің өмірі мен денсаулығы сақтандырылады Сурет авторы: Azattyq Rýhy

Қазақстанда төтенше жағдайлардың салдарын жоюға және жоғалған адамдарды іздеуге қатысатын еріктілерді міндетті сақтандыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнетін салаларда жұмыс істейтін волонтерлерді әлеуметтік қорғау тетіктері талқылануда. Аталған бастама волонтерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасында көрініс табады.

Депутаттық сауалға берілген жауапта еріктілер қызметін еңбек өтілі ретінде есептеу мәселесі де қозғалды. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ұсынысты қолдамаған. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, волонтерлік тәжірибені еңбек өтіліне теңестірудің тиімсіздігі атап өтілді.

Дегенмен еріктілер үшін басқа да қолдау шаралары қарастырылған:

• Волонтерлік жұмыс жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу кезінде қосымша коэффициент ретінде ескеріледі.

• Мемлекеттік білім беру гранттарын иеленуде еріктілердің белсенділігі артықшылық беруі мүмкін.

Бұл шаралар еліміздегі волонтерлік қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жастардың қоғамдық жұмыстарға араласуына қосымша серпін бермек.

 

Соңғы жаңалықтар