$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Қазақстанда ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

Редакция
21 шілде 2025 16:37 51
Қазақстанда ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды Сурет авторы: Shutterstock

Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект пен үлкен мәліметтерді өңдеуге арналған өте қуатты суперкомпьютер іске қосылды. Бұл құрылғы Астанадағы Alem.cloud базасында орналасқан және Орталық Азиядағы ең қуатты компьютер саналады. 

 

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев: “Біз деректерімізді сыртқа жібермей, өзіміздің AI жүйелерімізді өз жерімізде дамытатын кезеңге өттік. Бұл- цифрлық тәуелсіздікке жасалған маңызды қадам”.

 

Сарапшылардың пікірінше, суперкомпьютердің арқасында қазақстандық жасанды интеллект модельдерін оқыту уақыты бірнеше айдан бірнеше аптаға қысқарады.

Суперкомпьютер арқылы жасанды интеллект моделін жылдам оқытуға, медициналық зерттеулер, ауа райын болжауға және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға жол ашылады.

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар