$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қазақстанда елтаңбаны өзгерту ұсынылды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3467
Қазақстанда елтаңбаны өзгерту ұсынылды

"Жаңа Адамдар" жастар қозғалысы ел тұрғындарына елтаңбаны ауыстыру туралы ұсыныс жасады.

"Жаңа Адамдар" қозғалысының хабарлауынша, бір тарих, бір дәстүрмен өмір сүретін халықтарды әрқашан ортақ рәміздер біріктірген. Қазақстандықтар үшін еліміздің елтаңбасы осындай рәмізге айналды.

"Елтаңба – компания логотипі немесе естелік белгісі емес. Елтаңба - ол терең ұғым. Тұнған тарих. Алайда біз білетін елтаңба құндылықтарымыз жайлы сыр шертпейді әрі болашаққа жол сілтер рәміз емес. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 70 пайызы елтаңбамызды тани алмады. Қазақстан - қазіргі заман талаптарына сай алға үлкен мақсаттар қойып, жаңа белестерді бағындыру жолында. Біз, Жаңа адамдар, жауапкершілігі зор мақсаттарға бет алған жас мемлекетке тың көзқарастағы жаңа рәміздің керек екенін сенімділікпен жеткізгіміз келеді. Жаңа елтаңба - жаһандық өзгерістер орын алған шақта біздің мемлекетіміздің нақты орны қайда екеніне жауап беруі керек", - дейді олар.

Белсенділердің пікірінше, Қазақстанның тағдыры - еліміздің шекарасында белгіленген. Олар тарих беттерінен жоғалмай, еркіндік пен қасиетті ұстанымды ұран етіп, әлемдегі нақты орнымызды айқындауда елтаңба халықты жұмылдыруы тиіс деп атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар